04.07.2017
Депутаттың айтуынша, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың жариялаған «Жаңғыру 3.0» ғылымды қажет ететін экономиканы құру үшін жүргізілуде.
«Мемлекет басшысы бірнеше рет «білімнің үштігі» туралы айтқан болатын – білім беру, зерттеу мен инновация. Олар ғылымды қажет ететін экономиканы дамыту барысында шешуші рол атқарады. Бүкіл әлем осы салаға басымдық беріп отыр, нәтижесінде ғылыми зерттеулердің сапасы түбегейлі артты, жас таланттардың ғылымға көптеп келуі қамтамасыз етілуде» - деді С.Омаров.
Екі күн бойы одан ары ынтымақтастық пен дайындықтың 2018-2020 жылдарға арналған жұмыс істеу жоспары талқыланатын болады.
Бұдан басқа, Альянсқа жаңа мүшелердің қосылуы қарастырылуда. II халықаралық Альянсқа қатысу аясында делегаттар ЭКСПО-2017 көрмесінде болады.
Атап өтер болсақ, Қытай, Болгариия, Польша, Ресей мен Қазақстанның жетекші мамандарының басын қосқан бұл форум Астана қаласында 3-5 шілде аралығында өтуде.