• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Талас ауданыңда  ІҚМ саны артты 22.06.2017

Қайрат Аманжолұлының сөзіне сенсек, ауыл шаруашылығы өнімі 2769,5 млн.теңгеге өндіріліп, 100,9%-ға орындалды. Немесе 24,8 млн.теңгеге артты. Аудан халқының жан басына шаққандағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 51,2 мың теңгені құрады.

Мал шаруашылығы бойынша:Мал мен құс еттері: 4073,8 тонна (100,1%-ға), сүт 2164,9 тонна (102,1%-ға), жұмыртқа 1388,0 мың дана (100,2%-ға) өндірілді.

«Мал басы: ірі қара малы 26331 бас 6,2%-ға өсті, қой-ешкі 441972 бас 0,2% - ға өсті, жылқы 9977 бас 4,4%-ға өсті, түйе 2150 бас 7,7%-ға өсті, шошқа 375 бас 0,3%-ға өсті, үй құстары 42242 басты құрап, өткен жылдың (100712 бас) есепті кезеңімен салыстырғанда 58470  басқа төмендеп отыр», - деді ол.

Ағымдағы 2017 жылдың өткен мерзімінде «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламасы бойынша  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Аулие-Ата» несие серіктестігі ЖШС арқылы 8 шаруа қожалығының 8 жоба мақұлданып – 48,01 млн. тенге несие алды.

Атап айтқанда, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3 жоба құны 26,4 млн. теңгеге 155 сиыр, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 3 жоба құны 19,515 млн.теңгеге 789 бас қой, «Құлан» бағдарламасы бойынша 2 жоба құны 2,1 млн.теңгеге 6 бас жылқы сатып алып облыстың берген тапсырмасы «Сыбаға» бағдарламасы 105,6 %, «Алтын асық» бағдарламасы 42,7 %, «Құлан» бағдарламасы 16 %-ға  орындалып отыр.

 

 

 


Back to the list