16.06.2017
Мейірхан Азатұлының мәліметінше, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2017 жылға мүйізді ірі қара малының 243 бас аналығы, 8 бас асыл тұқымды түрлендіруші бұқаларды сатып алу жоспарланған.
««Меркі несие серіктестігі» арқылы қазіргі таңда бағдарлама бойынша несие алуға ниет білдіруші 2 шаруа қожалықтардың құжаттары қабылданып рәсімделуде», - деді М.Азатұлы.
«Құлан» кешенді бағдарламасы бойынша 2017 жылға 54 бас жылқы сатып алу жоспарланып, барлығы 131 бас жылқы алынды, жоспар 243 % орындалды.
«Меркі ауданы бойынша сұранысқа ие аграрлық салада инвестиция тарту мақсатында 2017 жылы 147 гектар жерге қант қызылшасы дақылына тамшылатып суғару қондырғыларын орнатты», -деп айтты аудан әкімі.