08.06.2017
Қаратоғай ауылында "Арын" ауыл шаруашылығы иелері ет өңдеу зауытын салып жатыр.
«Барлық үй-жайлар дайын, технологиялық жабдық бойынша алматылық фирмалармен келісімдер жасалды. Алдын ала деректер бойынша, зауыт екінші жартыжылдықта іске қосылады», - делінген Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің хабарламасында.
Ауданның жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 26356,4 млн теңгені құрағанын айта кету керек. 2015 жылмен салыстырғанда өсім 8,8% құрайды.
Бұдан бөлек, 18 асыл тұқымды шаруашылық тіркелген, олардың арасында 11 омарта, 3 жылқы шаруашылығы, 3 ІҚМ және 1 ҰҚМ шаруашылығы бар.