• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Панфилов ауданында тамшылатып суару өнімділікті арттырды 07.06.2017

Әкімдіктің мәліметі бойынша, Панфилов ауданындағы «Көктал Агро» ЖШС-да бұл орайда нәтижелі жұмыс бар. Ауданға жасаған сапары барысында серіктестіктің алқабында болған облыс басшысы мұнда 263 га жерге енгізілген тамшылатып суару жүйесінің қолданылып отырғанына куә болды.

«Көктал Агро» ЖШС директоры Жәнібек Оханов өткен жылы егістік алқабының 80 гектарына тамшылатып суару әдісі қолданған болса, биылғы жылы қосымша тағы 183 гектарға осы әдісті қолданып отырғандығын хабарлады. Осылайша біртіндеп 500 гектар алқапты осы әдіске көшіру жоспарының барын да атап өтті. Бұл істе израильдік құрылғылар пайдаланылады. Сондай-ақ келісім бойынша украиналық «Ирригатор Украина» компаниясының мамандары техникалық жағынан қолдау көрсетуде. Құрал-жабдықты сатып алуға қажетті субсидия мемлекеттік «Агробизнес-2020» бағдарламасы арқылы алынды», - деп хабарлады «Көктал Агро» ЖШС өкілі Жәнібек Оханов.

Айта кетерлік жайт, өткен жылы «Көктал Агро» ЖШС базасында оқыту-үйрету семинары өткен болатын.

Ж. Оханов атап өткендей,  Тамшылап суғару технологиясын қолдану арқылы өнімділік көрсеткішін 3 есеге, ал суды үнемдеуді 6-7 есеге арттыруға мүмкіндік туды. Қазіргі уақытта кәсіпорын өсімдік шаруашылығы мен жүгері өңдеуші кәсіпорындарға шикізат жеткізу бағытына басымдық беруде.   

Жалпы, ағымдағы жылы Алматы облысында ресурс үнемдеу технологияларын пайдаланатын алқаптардың көлемін 161 мың гектарға жеткізу жоспары тұр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 157 мың гектарды құраған болатын. Сондай-ақ 15,2 мың га. алқапта суды үнемдеу технологиясын енгізу жоспарлануда.


Back to the list