07.06.2017
Аlau.kz хабарлағандай, биылғы жылы Қостанай облысындағы егіс жұмыстарына жауын-шашын кедергі келтірді, сол себептен аграршылар көктемгі егіс жұмыстарының уақытын ұзартуға мәжбүр болды.
Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы дақылдарын егу 15 мамырда басталды. Биылғы жылы қостанайлық аграршылар миллион гектардан астам жерге егін екті, айдың соңында егу жұмыстары тоқтатылған болатын. Кейбір аудандарда жауын-шашын мөлшерден көп түсті. Егіс науқанын алғаш аяқтаған аудандар: Амангелді, Әулиекөл, Наурызым және Меңдіқара.