05.06.2017
«Облыс әкімдігінің мәліметтерінен біз ауылшаруашылық дақылдарын 1,1 млн. га аумаққа өсіру жоспарда бар екенін көріп отырмыз. Ол дегеніміз 2016 жылғы деңгейден 36 мың гектарға, яғни 3%-ға артық. Бұған қоса егінді әртараптандыру жоспары да орындалатын болады», - деді баяндамашы.
Сараптамалардың қорытындыларына сүйенсек, кейінгі кезде аймағымызда таңдаулы тұқымдар мен минералды тыңайтқыштарды қолдану үрдісі артып келеді.
«Мемлекеттік бағдарламадағы жаңашылдықтардың арқасында облыс бойынша таңдаулы тұқымдарды сатып алу ұлғайды. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша 2017 жылы облыстық бюджеттен 391,5 млн. теңге қарастырылған. Қазіргі күні 6 мың тонна таңдаулы дәнді-дақылдар тұқымы сатып алынып қойған, 2016 жылы ол көрсеткіш 2,5 мың тоннаны құраған болатын. Сонымен бірге таңдаулы тұқым егілген алқаптар көлемі үш есеге артып, жалпы егіс алқаптары көлемінің 10,3% құрап отыр, 2016 жылы 3,2% болған», - делінген хабарламада.
Бұл күндері аймағымызда егін егу жұмыстары аяқталады.
Минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға 257,1 млн. теңге бөлінген. Ол сатып алу көлемін екі есеге арттыруға мүмкіндік берді.