• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбе облысында егіс алқаптары 74,2 мың гектарға ұлғайтылады 16.05.2017

Биылғы жылы Ақтөбе облысында  641 мың гектар жерге егін егу жоспарланған. Егіс алқаптары 2016 жылмен салыстырғанда 74,2 мың гектарға ұлғаятын болады. Дәнді-дақылдар егуге 383,9 гектар жер белгіленген. Ауа  райы қолайлы болған жағдайда 480 мың тонна астық жиналады деп күтілуде.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, қазіргі таңда Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында егін егу жұмыстары белсенді жүруде. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша өңірдегі ауыл шаруашылық құрылымдары көктемгі далалық жұмыстарды жүргізу үшін сапалы тұқымдық материалдармен, техникамен және жанармаймен толықтай қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, ҚР АШМ бөлген 8,8 мың тонна арзандатылған дизель отыны Ақтөбеге толық мөлшерде жеткізілді. 

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірдегі егін егу жұмыстары кешірек басталды. Алайда,аудандардың шаруалары мамыр айының аяғына дейін бұл жұмысты аяқтап үлгеретіндеріне сенімді", - делінген хабарламада.

Ағымдағы жылы облыстағы суармалы жерлер алаңын 3,2 мың гектардан 21,5 мың гектарға дейін кеңейту жоспарлануда.

 


Back to the list