• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Өңірлерде 2017 жылғы бірінші тоқсан қорытындылары бойынша 182 кооператив құрылды 05.05.2017

182 кооперативтің ішінен сүт қабылдау пінкті бар 62 және ет өндіру және дайындау бойынша 58 кооператив құрылған.

«2017 жылы 467 кооператив құру жоспарланған, бұл тауар өндірісіне 130 мың жеке қосалқы шаруашылығын тартуға мүмкіндік береді. Бірінші тоқсан қорытындылары бойынша 182 кооператив құрылды», - деді бірінші вице-министр.

Сондай-ақ, ішкі нарықты отандық өніммен толтыру және азық базасын нығайту үшін егіс алаңдарын белсенді әртараптандыру басталған.

«Талап етілетін дақылдар алаңы кеңейтіліп жатыр – ол 900 мың гектарға жуық алаңда мал азығы дақылдары, жарма дақылдары, қант қызылшасы және керісінше су шығынын талап ететін дақылдар егісі қысқартылуда. Ол үшін министрліктер мен облыс әкімдіктері арасында меморандумдар әзірленіп, оларға қол қойылды», - деп қосты Қ. Айтуғанов.  

Бірінші тоқсан ішінде азық-түлік өндірісі 3,4% өскенін айта кеткен жөн. Ауыл шаруашылығына инвестициялар 22% ұлғайған.

Ақбота Күзекбай


Back to the list