• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Т.Кұлыбаев: Адал кәсіпкерлерге қолдау көрсету керек 05.05.2017

Тимур Құлыбаев атап өткендей,  Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті дамыту туралы тапсырмасын орындау барысында билік органдары мен кәсіпкерлердің арасындағы әріптестік байланыстың, өзара диалогтың маңызы зор. Сонымен қатар ол, бұл тұрғыда Алматы облысында оң үрдіс қалыптасқанын, кәсіпкерлерге барынша қолдау көретіліп келе жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар өз сөзінде салық заңанамасын жетілдіру, мемлекеттік сатып алуда отандық, соның ішінде өңірдегі тауар өндірушілерді қолдау шаралары және басқа да өзекті мәселелер туралы кеңінен қамтыды.

Жиында сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов өңірдегі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігінің іске асырылу барысына қысқаша тоқталып, алдағы уақытта даму әлеуеті зор салаларды да атап өтті.

«Біздің облыс аграрлық өңір болғандықтан ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында атқарылатын іс көп. Оның ішінде қант қызылшасын, соя, жеміс-жидек және басқа да өнімдерді өңдеу ісіне кәсіпкерлер атсалысса құба құп көреміз. Бүгінгі күні диқандардың техникамен, сапалы тұқыммен қамтылуына көмек көрсетіп, оларды субсидия беру арқылы қолдап отырмыз. Сонымен қатар туризмді жан-жақты дамытуға бағытталған шаралар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта да Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмыс істейтін боламыз. Ең бастысы оның игілігін халық көреді, - деді А. Баталов.

Жиынды қорытындылаған Т.Құлыбаев заң аясында жұмыс істеп, салығын дер кезінде төлеп, тұрғындарға жұмыс беріп отырған, әлеуметтік жауапкершілік міндетін тиянақты атқарып отырған кәсіпкерлердің имиджін көтеру, оларды жастарға, қоғамға үлгі етіп көрсету, оларға жергілікті атқарушы орган тарапынан қолдау көрсету қажеттігін атап өтті. Бұл бағытта жұмыс жасалып жатқанын, дегенмен әлі де одан әрі жетілдірілетінін айтты.


Back to the list