• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жамбылдық шаруалар 15 мың га алқапқа су үнемдеу қондырғысын орнатады 04.05.2017

«Ауыл шаруашылығы дақылдарының 2017-2021 жылдар аралығындағы егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру туралы меморандумға сәйкес, облыс бойынша егіс алқаптарының көлемі биыл 598 мың гектарға орналастыру жоспарланған», - делінген хабарламада.

Жалпы,  107 мың гектар алқапқа күздік бидай себіліп, 139 мың гектарға жаздық арпа, 14,7 мың гектар дәндік жүгері, 6,0 мың гектар қант қызылшасы, 84,4 мың гектар майлы дақылдар, 36,5 мың гектар көкөніс және бақша, 8,7 мың гектар картоп, 208,0 мың гектар біржылдық және көпжылдық шөп себу межеленіп отыр.

Әкімдіктен аталып өткендей,  11 973 гектар алқапқа суды үнемдеу технологиясы енгізілген,  оның ішінде 7 557 га – тамшылатып суары, 4 716 га – жаңбырлатып суары қондырғылары қойылған. Ағымдағы жылы суды үнемдеу технологиясын 15 мың га дейін алқапқа орнату жоспарланған.

Сондай-ақ, егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету 047 бағдарламасы бойынша бюджеттен 749,0 млн. теңге қарастырылып, 17,3 мың тонна субсидияланған минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы алқаптарына ендіру жоспарланып отыр.

Көктемгі дала жұмыстары ауыл шаруашылығы техникаларынсыз бітпейтіні баршаға мәлім. Сол себепті, олардың кез келген уақытта жұмысқа сақадай сай болуы қажет. Осыған орай бүгінге 8 700 данадан астам ауыл шаруашылығы техникалары көктемгі дала жұмыстарына қатысуда.

Бүгінде 5 751 трактордың 5 551 данасы яғни, 97 пайызы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін дайындық сапына қойылса, оның ішінде, доңғалақты тракторлардың дайындығы 98 пайызды құрайды. Қолда бар соқалардың 98 пайызы дайын болса, тырмалардың 98 пайызы, қопсытқыштардың 97 пайызы, дән сепкіштердің 97 пайызы, тұқым дәрілегіштердің - 95 пайызы көктемгі дала жұмыстарына дайын.

«Сонымен қатар, Үкімет тарапынан 15500 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінсе, оның ішінде, наурыз айына – 12 500 тонна, мамыр айына – 3 000 тонна қаралған. Бүгінгі күні аудандардағы ауыл шаруашылығы құрылымдарына 5 500 тоннадан астам жанармай таратылып, тиісті дала жұмыстары атқарылуда. Жалпы, облыстағы дизель отынының нарықтағы бағасы 134-135 теңгені құраса, облыс аудандарына белгіленген операторлар шаруашылықтардың ара қашықтықтарына байланысты жанармайдың 1 литрін 117-120 теңге аралығында жеткізуде. Бұл өз кезегінде жамбылдық шаруаларға үлкен көмегін тигізуде», - делінген хабарламада. 


Back to the list