• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ОҚО-да күркетауық өсіру жөніндегі өңірлік кластер құру жоспарлануда 03.05.2017

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен кездесу және жергілікті бизнеске қатысты проблемаларды талқылау мақсатында жұмыс тобы сапар аясында Ордабасы ауданындағы «Ордабасы құс» ЖШС-да болды.

Ордабасы құс» компаниясы – Еуразиялық экономикалық одақта орналасқан ең заманауи кешендердің бірі. Бұл Қазақстан мен орта Азия бойынша бірінші және әзірге жалғыз күркетауық өсіретін жоба болып табылады. Кешенде өндірілген өнімнің 40 %-ы Еуроодақ елдеріне экспортталады.

Кәсіпорынның ендігі жоспары – қоспа жем шығарумен айналысатын шаруа қожалықтары мен кәсіпорындар және құс етін қайта өңдейтін кооперативтер кіретін аймақтық кластер құру. Алдағы уақытта мұнда аумағы 50 га құрайтын күркетауық өсіретін 25 құс қора құрылмақ. «Ордабасы құс» күркетауық жемін өзі тасып, ветеринариялық қызметті де өзі көрсетпек. Құс кешені өсірілген күркетауықтарды сатып алады.

«Өсірілген күркетауықтардан 10 мың тонна құс етін өндіру жоспарлануда. Кластер құру үшін тіпті жаңа ауыл құру ұсынылып отыр. Ондағы тұрғындар жоғары технологияға негізделген өндірісте жұмыс істейтін болады», - деп хабарлады ОҚО әкімдігі.


Back to the list