• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қытай мен Түркияға 100 тонна мақтааралдық шит жөнелтілді 01.05.2017

Айта кетерлік жайт, шетелдік шиттің келісі 1350-1400 теңгеден, ал отандық шиттің бір келісі 230 теңгеден сатылуда. 

Отандық шит пен шетелдік шиттің айырмашылығы – сапасында. Былтыр мақта ұрығының түркиялық сұрпын еккен диқандар гектарына 30-35 центнерден өнім жинады. Былтыр өңірде шиттің келісі 160

Естеріңізде болса, былтырғы көктемде мақтааралдық мақташылар шит тапшылығын қатты сезінген болатын. Соның салдарынан көктемгі мақта егу ісі кешеуілдеген.

«Өзімізге шиттің «Мақтарал» сұрпы өте қолайлы. Күннің ыстығы мен ағын судың тапшылығына төзіп бере алады. Сондықтан «Бақытжан» өндірістік кооперативінен шит сатып алдым. Биыл шаруа қожалығыма қарасты 8 гектар егістікке мақта егуді ойластырып отырмын»,- деді «Көпжасарата» шаруа қожалығының басшысы Миралы Қолдабаев. 

Атап өтерлік жайт, биыл мырзашөлдік мақташылар 80 мың гектар жерге шитті мақта егуді жолпарлап отыр. Қазір соның 2500 гектарына шит себіліпті. Шаруалар шит себетін техникалар сақадай-сай тұрса алдағы 10 күнде мақта егу ісін тегіс бітірмек. Өткен жылы ауданда егілетін мақта дақылының көлемі 83 мың гектарды құрапты. Оның ішінде, 20 мың гектар жерге инновациялық технологияларды кеңінен қолдана отырып, мақта шикізатын өндіруге кететін шығындарды барынша азайтып, егіліпті. Бұл үрдіс биыл да жалғасын таппақшы. 


Back to the list