25.04.2017
2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығы бойынша 129 кооператив құрылады, оның ішінде 23 кооператив сүт өнімдеріне бағытталған.
« Аталмыш бағытты дамыту саласында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жеке шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін несиелеуге жеңілдіктер енгізіп жатыр. Биылғы жылы республика бойынша қор 21 млрд теңге қарастырып отыр, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысына 2 млрд теңге қарастырылып отыр», - деп хабарлады аймақ әкімдігі.
2016 жылдың қарашасынан бастап Солтүстік Қазақстан филиалы 287 мың жеке шаруашылық пен 16 ауыл шаруашылығы кооперативін қаржыландырды.