• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қытай қой етін өндіретін Қазақстан кәсіпорындарын тексеруді бастады 20.04.2017

Ағымдағы жылдың 19-27 сәуір аралығында, қытай делегаттары Министрлік пен «Атамекен» ҚР ҰҚП және Сарапшылар Ассоциациасы ұсынған, қой етін өндіретін кәсіпорындарға тексеру жүргізеді.

Арнайы инспекция қазақстандық әріптестерімен бірлесіп еліміздің 5 өңіріндегі ірі ет өндіруші кәсіпорындардың жұмысымен танысуды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта, Қытайдың СТКБББ және СТББ-на әлем бойынша 100-ден аса мемлекет 10 мыңнан аса ұсыныс тастап кезегін күтуде.

Алайда, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрi А.Мырзахметовтың ағымдағы жылдың сәуір айының басында Қытай Халық Республикасына іс-сапары аясында жасалған келіссөздердің арқасында, Қазақстаннан түскен ұсыныстарға айрықша мән беріліп, мерзімі жеделдетілді.

Тексеру нәтижесінің қорытындысы бойынша, қазақстандық қой етін қытай нарығына шығаруға рұқсат беру мәселесі қарастырылады. Сонымен қатар, ҚХР-ге шығарылатын қой еті өнімдеріне қойылған ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес болуы сөз болады.

Д.Жиенқұлов


Back to the list