08.04.2017
Халықтан сүт жинау жүйесін дамыту аймақтағы кәсіпорындардың жүктемесін 60%-ға арттыруға мүмкіндік береді, ал жергілікті тұрғындар қосымша табыс таба алатын болады.
«Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында 6 сүт тауар-фермасы (СТФ) салынса, тағыда 17-не жөндеу жұмыстары жүргізілді және 33 сүт қабылдау пункті (СҚП) бой көтерді. Қайта өңдеу кәсіпорындарына 63 мың тоннадан астам шикізат жиналса, оның 12 мың тоннасы жергілікті халықтан алынды. Осылайша зауыттардың жүктемесі 42%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 2015 жылдың көрсеткішінен 7%-ға жоғары», – делінген хабарламада.
Аталмыш бағыттағы жұмыстар осы жылы да өз жалғасын тапты. Бүгінде 5 СТФ салу және 13 СТФ күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, 13 СҚП құру жоспарланған. Бұл сүт өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесін 60%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
«Бүгінде білім беру және денсаулық сақтау мекемелері 1,2 млрд теңгенің сүт өнімдерін сатып алу туралы келісім шарт жасасты. Оның ішінде 89%-ын жергілікті кәсіпорындар, қалған 11% – ын Қазақстанның өзге аймақтарынан және Ресейден келген немесе өздері өндірмеседе басқа сүт өндіретін компаниялардан сатып алғандар жеткізетін болады», – деп әкімдіктен хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, аймақта заманауи технологияларды сатып алған фермаларға қосымша төлемдер төлеу жоспарланып отыр, бұл өз кезегінде қондырғы үшін кеткен шығынның орнын тезірек толтыруға мүмкіндік береді.