• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қостанай облысы жылына 5 млн тоннаға дейін бидай жинайды 05.04.2017

«Біздің өңір еліміздегі ең ірі агроөндірістік аймақ болып табылады және  нан себетіне бидай өңдірісі бойынша сүбелі үлес қосып келеді. Мысалы, өткен жылы біз 1 млн 170 мың тонна ұн өндірдік, оның 90%  облыс аумағынан шығарылды. Бізде 80-нен астам диірмен жұмыс істеп, сапалы өнім өндіреді», – деп түсіндірді А. Мухамбетов.

Аймақтың көптеген кәсіпорындары өз өнімдерін экспортқа шығарады. Мысалы, «Баян-Сұлу» кондитерлік фабрикасы өз өнімін бірнеше елге саудалайды.

«Бұдан басқа компания құны 20 млн доллар тұратын бисквит цехын іске қосты және қоюланған сүт шығаратын цехтын құрылысын жүргізуде. Демек әлеуеті зор», – деді әкім.

Аймақ басшысы атап өткендей, Астана әкімдігімен жасалған келісімге сай Қостанай облысы 4-тен 6 мың тоннаға дейін азық түлік өнімін елордаға тасымалдайды.

Облыста экспортқа бағытталған мақсық майын өндіретін зауыт ашу жоспарлануда.

Жалпы Қостанай облысында индустрияландырудың алғашқы бес жылдығында инвестиция көлемі 125 млрд теңгені құраған 84 жоба пайдаланылуға беріліп, шамамен 5 мың жұмыс орны ашылды. Ал, екінші бесжылдықтың 17 жобасының 7-уі  9 млрд теңгеге іске қосылды.

Ақбота Кузекбай 


Back to the list