05.04.2017
««ҚазАгроҚаржы» АҚ қолданыстағы – «Беларуста жасалған» бағдарламасы шеңберінде Беларусь Республикасының Үкіметі Беларуста өндірілген ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтың қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтейді. Лизингтік төлемдердің өтемақы мөлшері Қазақстан Республикасында белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2/3 бөлігін құрайды», - делінген хабарламада.
2017 жылғы 1 сәуірден бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мөлшері 11,0% құрайтын базалық мөлшерлеменің мәніне теңестірілгенін ескеретін болсақ, қазақстандық аграршылар үшін Беларусь Республикасы Үкіметінің субсидиялауы 7,33% құрайтын болады. Бұрын өтемақысы 3,67 % құраған.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңынан бастап, «ҚазАгроҚаржы» АҚ сыйақы мөлшерлемесін жылдық 19%-дан 17,3% дейін төмендеткен. Сөйтіп, «Беларуста жасалған» бағдарламасы бойынша тұтынушылар үшін түпкілікті мөлшерлеме шамамен 10% құрайтын болады. Бұл ретте, қазақстандық субсидияны алу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.
«Беларуста жасалған» бағдарламасы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құрылымындағы компания - «ҚазАгроҚаржы» АҚ мен Беларусь Республикасы Үкіметі арасында жасалған шарттың шеңберінде іске қосылған. Лизинг мерзімі бес жылдан аспайды. Лизинг бойынша сыйақы мен негізгі борыш тоқсан сайынғы негізде төленеді.