• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Егістік жұмыстарына 375 мың тонна дизельдік отын бөлінеді – Энергетика министрлігі 03.04.2017

«Заңнама бойынша дизельдік отынды ауыл шаруашылығы өндірушілердің қажеттігіне тиеу өзгелерге қарағанда басымдыққа ие болып отыр. Тиелім сәуір мен мамыр айыларында жүзеге асырылады. Баға өспеуі үшін үкімет дизельдік отынға көбейген акцизді алып тастады. 1 сәуірден бастап акциз 9 мың 300 теңгені құрауы керек. Үкімет акцизді бұрыңғы баға бойынша тоннасына 940 теңге көлемінде қалдыруды ұйғарды», - деді вице-министр. 

Әсет Мағауов атап өткендей, жалпы мұнай нарығындағы жағдай айтарлықтай тұрақты. 

«Біз бензин мен дизельдік отын тиелімі тұрақты түрде орындалып жатқанын байқадық. РФ-мен импорттық көлемі де тұрақты, атап айтсақ, 92 бензин бойынша ешқандай қауіп байқалмайды», - деді спикер. 

Биыл индикативтік баланс бойынша 1 млн 100 мың тонна импорттық бензин Ресейден келуі керек деп күтілуде. Осы орайда 500 мың тонна дизельдік отын қарастырылған. 

Ақбота Күзекбай


Back to the list