• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
СҚО-да қатерлі ісіктің алдын алу бойынша мобильдік қосымша әзірленеді 07.08.2017

 24.kz хабарлағандай,  қызмет скринингтен өтпей жүргендерге арналады.  Енді дәрігерлер кеңесі мен  арнайы тесттен үйден шықпай отырып өтуге болады.

Дәрігер  Дмитрий Тё асқазандағы ісікті анықтау бойынша  3 жыл еңбек етіп келеді.  Онлайн-жобаны әзірлеушілердің  республикалық байқауында  екінші орын алып, Түркиядағы тағылымдамаға жолдама алды. Қазір «Онкоскрин» жетілдіріліп жатыр. Қыркүйек айында  Play Market-те пайда болады, кейін iOS-та да жүзеге асады.

«Ол бірқатар тестерге жауап береді, оның қауіптілігі жоғары және орташа болса сол жерде ұсыныс береді. Егер сізге  қызмет  түсініксіз болса сервиске хабарласа аласыз. Ол жерде сізге  қол ұшын беретін клиникалар бар», - деді Дмитрий Те.

Айта кетейік, өз кезегінде қосымша СҚО-да, кейін Қазақстанның бар аймағында жұмыс істейтін болады. Кез келген тұтынушыға тестен өту тегін. Алғашында  тек күндіз жұмыс істесе, кейін  24 сағат қызмет көрсетпек.


Back to the list