05.10.2017

М.Жайымбетов айтып өткендей, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл әкімдік 25 млрд теңге бөлді, 6 пәтердің құрылысы басталды, оның тең жартысы жыл соңына дейін аяқталады.
«Жалға беру баспанасымен әлеуметтік әлсіз топтар қамтылады. Оларға мемлекет жалға беру пәтерін береді. Бұл сатып алу құқығынсыз тегін баспана. Жалға беру төлемі 1 шаршы метрге 100 теңгені құрайды. Мәселен, ай сайынғы жалға беру төлемі 50 шаршы метрлік 2 бөлмелі пәтерге 5 мың теңгені құрайды», - деді төраға.
Ол айтып өткендей, бағдарлама жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған.
«Жыл сайын желілерді өткізуге 80 млрд теңге бөлу қарастырылған, оның ішінде 50 пайызын жеке тұрғын үй салудың аудандарына инженерлік желі салуға бағытталады. Орташа есеппен ол 15 жыл ішінде жыл сайын желілермен 40 мың жер учаскесін қамтуды қарастырады. Бүгінде жоспарланған 60 мың жер учаскесінің 23,5 мың учаскесі қамтылып отыр. 6 облыс орталығында бірыңғай пішінде жеке меншік үй салу қарастырылған», - деді М.Жайымбетов.

Оның айтуынша, аталмыш тұрғын үйдің құны шаршы метріне 90 пайызға дейінгі құрылыс материалын қажет етеді.
«Пилоттық жобада дайын үйді сатып алу құқығы жер учаскесіне тізімде тұрғындарға беріледі. Аталмыш баспана жеке қаржы немесе Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қарызына 5 пайыздық көрсеткішке сатып ала алады», - деді ол.

Сондай-ақ М. Жайымбетов жеке құрылысшылардың тұрғын үй құрылысын қолдау шаралары туралы да айтып өтті.
«Құрылыс компанияларына 7% мөлшерінде субсидиялар беру арқылы несиелер бойынша шығындар өтеледі. Субсидиялар ЕДБ жобаны мақұлдағаннан кейін беріледі. Салынған тұрғын үй Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына белгіленген құн бойынша Астана және Алматы қалаларында – 260 мың теңгеге дейін, өңірлерде 220 мың теңгеге дейін сатылады», – деді ол.
Оның айтуынша, бағдарлама міндеті халықтың ипотекалық қарыздары бойынша нарықтық мөлшерлемені төмендетуге бағытталған. Осы мақсатта 30% бастапқы жарна енгізілген кезде мемлекет Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы ЕДБ ипотекасы боынша шығындарды өтейді (7% пайыздық мөлшерлемені субсидиялау).
«Субсидияларды ескергенде, тұтынушы үшін соңғы мөлшерлеме 10% құрайды. Жаңа құрылыстарда тұрғын үй сатып алуға арналған қарыздар субсидияланады. Астана және Алматы қалаларында несиелер - 20 млн теңгеге дейін, өңірлерде 15 млн теңгеге дейін беріледі. Ипотекалық қарыздарды субсидиялау үшін Ұлттық қордан 10 млрд теңге бөлінді», - деп бөлісті төраға.
Сондай-ақ Сбербанк, АТФБанк, БЦК, BankRBK, «ҚТҚЖБ» АҚ, БанкВТБ ипотеканы белсенді іске асырып жатқаны белгілі болды. Жалпы, Бағдарлама аясында 8 мың қарыз алушыға 120 млрд теңгеге жеңілдікті қарыз беру жоспарланып отыр. Алайда, заңнамалық шектеулердің болуына байланысты, ЕДБ белсенділігі төмен.
«Банктер төленбеген ипотека бойынша айыппұл есептей алмайды, ипотека алушы төлеу мерзімін кешіктірген жағдайда алдымен негізгі борыш, кейін пайыздары төленеді, сот практикасы бойынша кепілдіктегі жалғыз тұрғын үйді алуға болмайды», - деп қорытындылады М. Жайымбетов.
«Биыл сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысына 25 млрд. теңге мақсатты трансферт бөлінді және өңірлерге 1,5 млрд. теңгеден таратылды. Өңірлерге аударылған 14,3 млрд. теңге қаржының 1 қыркүйектегі есеп бойынша 13,3 млрд. теңгесі немесе 93,3%-ы игерілді. Биыл 150 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарлануда», - деді ол.
Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарға, соның ішінде жеке тұрғын үй салынып жатқан жерлерге инженерлік коммуникация тартуға биыл республикалық бюджеттен 83,4 млрд. мақстатты трансферт бөлінді. Жалпы,алдағы уақытта 60 мың жеке тұрғын үй құрылысы салынатын жер учаскелерін инженерлік коммуникациямен қамту көзделген.

Қорытындысында, қабылданған шаралар 99 мың жаңа пәтер мен жеке үйлерді пайдалануға беруге мүмкіндік береді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары.
Айта кетейік, Биыл 8 айда барлық қаржыландыру көздерінен жалпы алаңы 6,9 млн. шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға жоғары көрсеткіш. Мемлекеттік инвестиция есебінен 636,2мың шаршы метр (9,2%) немесе 10366 пәтер тапсырылды.Ең көп көлемде пайдалануға берілген тұрғын үй Астана (1,8 млн. кв. м), Алматы (1,0 млн. кв.м) қалаларында және Маңғыстау (649 мың кв. м), мен Оңтүстік Қазақстан (400 мың кв.м) облыстарында тіркеліп отыр. Республика бойынша 60 690 баспана пайлануға берілген.Оның ішінде18 331 жеке үй, көпқабатты үйлерде 42 359 пәтер. Биыл жыл соңына дейін 140,6 мың шаршы метр (2431 пәтер), 2018 жылы 70,6 мың шаршы метр тұрғын үйді (1225 пәтер) пайдалануға беру жоспарлануда.
Қайрат Жандыбаев