04.10.2017
Өңір әкімдігінде хабарлағандай, қазіргі уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Балкашино ауылында екінші 18-пәтерлі тұрғын үй құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Үйдің құрылысы 2018 жылға жоспарланған.
Өткен жылы жеке тұрғын үй құрылысы саласындағы халық қаражаты есебінен 1633 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілген.
"Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасын іске асыру нәтижесінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй жағдайларын және аудандағы демографиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ құрылыс индустриясы базасын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу күтіледі.
Ауылда 18-пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталған. Жуық арада мемлекеттік қызметшілер және халықтың әлеуметтік осал топтары санаттарына жататын 18 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.