• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ қалай дамуда (ВИДЕО) 03.10.2017

«МЖӘ кеңейту кәсіпкерлікті дамыту үшін үлкен әлеует береді. Мемлекет басшысы мектепке дейінгі білім беру саласындағы МЖӘ сәтті мысалы туралы, сондай-ақ шағын жобаларға қатысты барлық келісу рәсімдерін барынша оңайлату мен жылдамдату қажеттігін айтып өткен болатын», - деді өз сөзінде Аслан Қинаятов.

А. Қинаятов мәлімдегендей, бүгінгі күні ҚР Үкіметі МЖӘ жобаларын жоспарлау процесін үш кезеңнен екі кезеңге дейін қысқарту бөлігінде заңнамаға түзетулер енгізу туралы бастама жасаған. 

«Бұл шара, біздің ойымызша, мемлекеттік және жеке меншік әріптестер арасында өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ бағдарламалық құжаттар аясында МЖӘ жобаларының іске қосылуын жылдамдатады» - деп атап өтті Аслан Қинаятов.

Сондай-ақ спикер денсаулық сақтау саласындағы осы әріптестіктің артықшылықтары мен кемшіліктерін айтып берді.

«Біріншіден, бұл халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, емдеу мен диагностиканың заманауи әдістерін қолдану, сондай-ақ тиімді менеджментті енгізу. Екіншіден, заманауи әрі ұтымды инфрақұрылым жасау үшін инвестициялар тарту. Жеке меншік сектор үшін тұрақты әрі ұзақ мерзімді бизнес алу мүмкіндігі ашылады», - деп қорытындылады Аслан Қинятов.

 

Видео Азамат Әлиев


Back to the list