• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Тиімді жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламасы бойынша 12 несие берілді - «Даму» қоры 02.10.2017

Жаңа бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендермен Қостанай, Рудный, Лисаковск, Жетіқара мен Арқалық  қалаларында кездесулер өткізілді. Бағдарламаны түсіндіруге арналған кездесулерге екінші деңгейлі банктердің филиалы, кәсіпкерлік басқармасы, жұмыспен қамту орталығы, қала әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

«Даму» қорының қатысуымен мұндай кездесулер республика бойынша өткізілуде. 2017-2021 жылдарға арналған тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті  дамыту бағдарламасы аясында Қостанай облысына 740 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Нәтижесінде, кәсіпкерлер өз кәсібі үшін жылдық 6% үстемақымен несие ала алады. Несиенің максималды сомасы 18 млн теңгеден асып жығылады.

Сонымен қатар, «Даму» қоры кепілдігі жетпеген жағдайда кепілдеме береді. Олардың көлемі кәсібін жаңадан бастағандарға несие сомасының  85%-нан, жұмыс істеп жатқандар үшін 50%-ға дейінгі көлемде беріледі.

«Бұл бағдарлама іске асырылып жатқан алғашқы жыл болғандықтан бізге кәсіпкерлер бетпе-бет келетін проблемаларды анықтау, кәсіпкерлердің ұсынысын жинау басты міндет болып табылады. Ал, осындай кездесулер кәсіпкерлермен байланыс орнатуға және шешім шығаруға мүмкіндік береді» - деп атап өтті «Даму» қорының  басқарма төрағасы  Абай Сарқұлов.

Оның айтуынша, Қазақстанда аталмыш жоба бойынша 12 адам несие алып үлгерген.

Атап өтер болсақ, несие инвестициялау, айналым қаржысын арттыру мақсатында беріледі. Осы ретте, айта кетерлік жайт, микронесие сауда саласындағы жобалар бойынша айналымдағы қаражатты арттыру үшін берілмейді. Салалық шектеулер мен комиссия мүлдем жоқ. 


Back to the list