08.09.2017
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аймағымыздың облыс орталығында және шағын қалаларда (жалпы тұрғындарының 20 пайыздан көбі қала түзеуші кәсіпорында жұмыс істеген елді мекендер) шағын бизнесті жандандыру мақсатында қабылданған болатын.
«Бұл бағдарлама жыл басынан бері облысымыздың 8 шағын қаласында және Қарағандыда жүзеге асырылып келеді. Біздің облысымызға 912 млн. теңге бөлінген болатын. Бұл қаражат 5 екінші деңгейлі банктер арасында бөлінген. Ол –Халық банкі, Сбербанк, АТФ Банк, Нұрбанк және Казкомерцбанк секілді шағын несие беретін қаржы мекемелері. «Даму» Қоры Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты бойынша оператор болып табылады. Ол Бағдарламаға қатысушыларды әрі қарай қаржыландыратын екінші деңгейдегі банктерді қорландыруды жүзеге асырады. Біз сонымен қатар шағын несиелер бойынша кепілдік береміз. Кепілдік мөлшері несие сомасының 85%-нан аспауы тиіс», - деді Г.Хасенова.
Бағдарлама мақсаты – адамдарды шағын және орта бизнеске жұмылдыру және осылайша олардың өмір деңгейін жоғарылату болып табылады. Бағдарламаға ісін енді ғана бастаған және әрекет етуші кәсіпкерлер, сондай-ақ жұмыссыздар мен өздігінен жұмыс істейтін азаматтар қатыса алады.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы бойынша шағын несие беру туралы толығырақ ақпаратты 1408 немесе 8 800 080 1890 нөмірлері бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) колл-орталығына хабарласып біруге болады. Сондай-ақ «Даму» қорына, кәсіпкерлер палатасына немесе КҚКО-на жүгінуге болады.