07.09.2017
Астана әкімдігі хабарлағандай, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында кәсіпкерлік басқармасы мен «Даму» қоры бірлесіп өзінің кәсібін ашқысы келетіндер үшін ашық есік күнін өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, тұрақты жұмыспен қамту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» жаңа мемлекеттік бағдарламасы ағымдағы жылы 2021 жылға дейін қабылданған болатын.
Бағдарлама еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, мамандарды техникалық және кәсіби білім бойынша дайындайды, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмысшыларды кәсіби оқытудан өткізу, тұрғындарды кәсіпкерліктің негізіне оқыту, ауылдар мен қалаларда шағын несиелеуді кеңейту,жұмыссыздарды және өзін-өзі еңбекпен қамтушыларды жұмысқа орналастыру, еңбек ресурстардың жеделдігін жоғарылату.
Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кәсібін енді бастағандар мен оқудан өткендерге жаппай кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды шағын несиелеуге осы бағдарламаның екінші бағытын жүзеге асыру жүзеге асырылуда.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру үшін Астана қаласына 476 млн теңге көлемінде трансферт бөлінді.
«Даму» қорының өкілдері және екінші деңгейдегі банктердің кездесуі кезінде несиелендірудің шарттары мен тәртібі туралы, кепілдендірудің шарттары жөнінде айтып, кепіл алудың кестесін көрсетті.
Айта кетейік, биыл қабылданған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы кәсіпкерлерге «Даму» қорының кепілдендіруімен жылына 6 пайыздық мөлшерлемемен несие алуға көмектеседі. Бұл бағдарлама бойынша Астанада бүгінде 4 банк жұмыс істейді. Бұл – Ұлттық банк, Еуразия банкі, Сбербанк, АТФ банк.