08.09.2017
Қайрат Әубакіров 2,5 млн теңгенің несиесін «Атамекен» МҚҰ –дан алуды қарастырып отыр. Бағдарламаға қатысушылар ерекше қой тұқымын бағатын орынды тауып та қойған.
«Бұл тұқымның ерекшелігі -өсімі жақсы. Өзінің құнын ет өнімі ретінде жақсы ақтап шығады. Ең ірі тұқымды қойлар 140 келіге дейін жетеді. Дорпер тұқымы өте шыдамды, жаздың ыстығы мен қыстың суығына төзімді болып келеді. Көп уақыт бойы сусыз жүріп, аз тамақтанып, салмағын өсіре алады», - деді Қ.Әубакіров.
Айта кетерлігі, Қостанай облысында «Бастау бизнес» жобасы белсенді жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында 779 адамның 180-і өз бастамасын дамытуға мүмкіндік алды.