• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылорда облысында мектепке дейінгі  біліммен қамту  100 пайызға орындалды 05.09.2017

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  2020 жылға дейін бүкіл елімізде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту мақсатын қойып, Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты өз жолдауында мектепке дейінгі білім беруді дамытуға мемлекеттік жекеменшік әріптестікті тарту бағытындағы Қызылорда облысының жетістіктері атап өтті.

"Облыстық білім басқармасының мәліметінше облыстағы 791 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде 542 балабақша мен 249 шағын орталықтарда 52899 бала тәрбиеленуде. Балабақшалардың 70,8 пайызы жекеменшік балабақшалардың үлесінде. Бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі 3 пен 6 жас аралығындағы балабақша кезегінде тұрған балалар түгелімен мектепке дейінгі білім берумен қамтылып отыр", - делінген хабарламада.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық» жобасы аясында Қызылорда қаласында 22 балабақшада арнайы және инклюзивтік топтар ұйымдастырылып,  арнайы мамандар жұмыс жасауда.

 


Back to the list