05.09.2017
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында болып, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобаның барысымен танысты. Пилоттық жоба аясында 2017 жылы мың отбасыны тұрғын үймен қамтуға мүмкіндік беретін жалпы алаңы 100 шаршы метр болатын азқабатты және жекеменшік үйлерді тапсыру жоспарлануда.
«Пилоттық жоба жүзеге асырылады деп жоспарлаған жалпы аумақ – 1200 гектар, мұнда біз кем дегенде 2140 үй мен пәтер салуымыз қажет. Әрі қарай қаржылындырылса одан да көбін салуға болады, мұнда жер көп, ең басты артықшылығы – инфрақұрылымы қолайлы. Қасында «Ақтөбе-Орск» жолы жатыр, су, газ, электр қуаты, кәріз жүйесі бар. Құрылыста қолданған материалдардың 80 пайызына жуығы – отандық өнім. Ең бастысы – тұрғызылып жатқан үйлер қазірдің өзінде сұранысқа ие»,-деп жеткізді делегацияны жобамен таныстыру кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Бұдан өзге, павлодарлықтар сондай-ақ мемлекеттік-жеке серіктестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында тұрғызылып жатқан бірқатар нысандарда да болды. Олардың қатарында – шығармашылық академиясы, жекпе жек сарайы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, мұз сарайы, қалалық балалар тіс емханасы, офтольмологиялық емхана, неке қию сарайы, жастар сарайы мен ендігі пайдалануға беріліп қойған хоккей модулі бар.
Өңірде мемлкеттік-жеке серіктестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында құны 40 млрд теңге болатын 71 жоба жүзеге асырылуда.
Күннің екінші жартысында делегация құрылыс материалдарын өндіретін бірқатар кәсіпорындар мен «Ақтөбе» индустриалдық аймағында болып, сонымен қатар МЖС-ті дамыту мұрақтары жөніндегі жиналысқа қатысты.
Айта кетейік, 18 тамызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана және Алматы қалалары мен облыс әкімдерінің қатысуымен өңірдің әлеуметтік-экономимкалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу сұрақтары жөнінде жиналыс өткізді.