• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жамбыл облысында  20 білім беру   нысаны салынып жатыр 23.08.2017

Жалпы 2017 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының құрылыс саласына 25,22 млрд.теңге бөлінді.

 Әділет Бегалыұлының сөзіне сүйенсек, бөлінген қаржы есебінен 107 нысан құрылысын жүргізу және 95 жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу және 70 ауылдық елді - мекеннің жер асты су қорларын анықтау жоспарлануда, оның ішінде пайдалануға берілетіні  86 нысан,  21 нысан 2018  жылға өтпелі.

«Білім саласындағы құрылыс нысандарына 2017 жылы  - 6,05 млрд.теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға  20 білім беру нысандарының құрылысы жүргізілуде және 5 ЖСҚ әзірленуде», - деді ол.

Олар: 5 нысан ҚР Ұлттық қоры есебінен, биыл 2 нысан тапсырылады.1 нысан республикалық бюджет есебінен, 2018 жылға өтпелі

Жергілікті бюджет есебінен 14 нысанның құрылысы жүргізілуде, 9 нысан биыл тапсырылады.

«5 ЖСҚ дайындалуда.Ағымдағы жылы 14 денсаулық сақтау нысанының құрылысын жүргізуге және 32 ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен – 1,02 млрд.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 9 нысан пайдалануға тапсырылды», - деді ол.

Ішкі қарыздар есебінен Тараз қаласындағы (5 қабатты 80 пәтерлі) 6  тұрғын үй құрылысы аяқталды.

«Сонымен қатар, Тараз қаласы Сүлейменов көшесінің соныңдағы тұрғын алқапта (15 шағын ауданы) 10 көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жоспарлануда. Қазіргі таңда 8 үй бойынша мердігер анықтау үшін конкурс жарияланды», - деп хабарлады Әділет Ахатаев.

 


Back to the list