• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген 17.08.2017

Роман Скляр атап өткендей, Астана, Алматы қалалары, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшы орын алады.

«7 ай қорытындысы бойынша жыл басынан бері қаржыландырудың барлық көзі есебінен 6 млн 200 ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл «Нұрлы жер» бағдарламасының жылдық жоспарының 61%-ын құрайды және 2016 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштерден 8,2% артық. Маңғыстау, Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында тұрғын үйді пайдалануға беру басым», - деп хабарлады вице-министр.

Инвестициялар және даму вице-министрі ақпараттандырғандай, 2017 жылғы 7 ай қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысына 445,2 млрд теңге бөлінген, оның 75,8 млрд теңгесі мемлекеттік инвестициялар.

«Мемлекеттік қаражат есебінен 8 829 пәтер салынған. Жыл соңына дейін тағы қосымша 16 176 пәтерді беру жоспарда бар. Барлығы 25005 пәтер берілмек. Биыл бағдарлама аясында әкімдіктерге 25 млрд теңге бөлінді және 6 мыңға жуық пәтердің құрылысы басталды, олардың жартысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі», - деді спикер.

Жалға берілетін тұрғын үйлермен баспана сатып алуға мүмкіндіктері жоқ халықтың әлеуметтік осал топтары қамтамасыз етіледі. 

«Бұл сатып алу құқығынсыз тегін тұрғын үй. Әлеуметтік тұрғын үйдің 1 шаршы метрі үшін төлем шамамен 100 теңгені құрайды», - деп қосты Роман Скляр. 

Сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға қолдау көрсету аясында мемлекет азаматтарға құрылыс салуға бөлінген жер учаскелеріне инфрақұрылым өткізуді қамтамасыз етеді.

«Жыл сайын желілерді өткізуге 80 млрд теңге бөлу қарастырылады, олардың 50%-на дейін жеке тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарға инженерлік желілерді жүргізуге бағыттау көзделеді. Бұл орта есеппен 15 жыл ішінде жыл сайын шамамен 40 мың жер учаскесін желілермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, жоспарланған 60 мың жер учаскесінің бүгінде 23,5 мың аумағы желілермен қамтылған», - деп қорытындылады Р. Скляр.

Ақбота Күзекбай


Back to the list