10.08.2017
11 тамызда сағат 17.00-де «Астана радиосы» эфирінде «Стратегия» пікірталас клубының кезекті көрсетілімін назарларыңызға ұсынамыз.
2016 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Президент шағын қаржыландыруды одан әрі кеңейту бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын.
«Үкімет пен әкімдер еңбек мобильдігін қамтамасыз ету және жұмыс берушілер мен жұмысшыларға бір-бірін іздеуде жәрдемдесу жұмысын бақылауға алуы тиіс», - деген болатын Елбасы.
Осы ретте, соңғы 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасының еңбек нарығында оң динамика байқалады. Жұмыссыздық деңгейі 5%-ға төмендеген.
Сейсенбі күні, 8 тамызда өткен ҚР Үкіметінің отырысында осы мәселе бойынша жетекшілік ететін министрліктер, «Атамекен» ҰКП, «Даму» қорының өкілдері Премьер-Министрге есеп беріп, Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы қандай нәтижелерге әкелгенін баяндады.
Осылайша, «Стратегия» пікірталас клубының алаңында «Атамекен» ҰКП, «Даму» қорының өкілдері тыңдармандар мен оқырмандар үшін осы тақырыпты ашпақ. Онлайн-бейнекөрсетілімді Strategy2050.kz сайтынан және Facebook желісіндегі біздің парақшамыздан көруге болады. Модератор – «Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы Евгений Кочетов.
Осы бағдарлама бойынша оқыту ауылдарда қалай жүргізіліп жатыр? Жаңадан бастаған кәсіпкер осы бағдарламаны қалайша пайдалана алады? Осы және басқа да сұрақтарға білікті сарапшылар жауап береді.