08.08.2017
Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев Шаңтөбе ауылында болып, жаңа қазандықтың құрылысымен танысты.
Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қала басшысы мердігер компанияның өкілдерімен кеңес өткізді, олар өз кезегінде құрылыс үшін арнайы учаскенің дайындалғанын, қатты отынды сақтауға арналған қойманың ірге тасы құйылғанын жеткізді. Сонымен қатар, арнайы құрал жабдықтарды жеткізу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Осы ретте, Әнуар Күмпекеев, кестеден ауытқулар бар екенін ескертіп, ауылдың әкімі Ержан Мұқанов пен «Шаңтөбе-Энергокомплекс»ЖШС директоры Руслан Птуховқа құрылыс жұмыстарын жылдамдатып, кестеге сай жұмыс істеуін тапсырды.
Атап өтер болсақ, жоба 2018 жылы аяқталады деп жоспарланған.