01.08.2017
Қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың меншікті қаражаты болып табылады, олардың көлемі ауылдық жерлердегі инвестициялардың жалпы көлемінен 61,5% немесе 42886,7 млн. теңгені құрады.
«Ауылдық жерлерде игерілген инвестициялардың республикалық бюджеттің үлесі 11,8%, жергілікті бюджет – 14%, банктердің кредиттері – 2,2% және қарыз қаражаты – 10,5% құрайды.2017 жылдың басынан жалпы алаңы 82,4 мың шаршы метрді құрайтын 615 тұрғын үйлер пайдалануға берілді», - делінген хабарламада.
Тұрғын үй құрылысында жалпы алаңның 1 шаршы метрінің орташа құны 49,5 мың теңгені құрады. Тұрғын емес оъектілер бойынша осы кезеңде ауылдық жерлерде 800 оқушы орынды 3 жалпы білім беретін мектеп, 360 орынды 3 мектепке дейінгі мекеме, ауысымына 225 келушілерге арналған 4 амбулаторлық-поликлиникалық мекеме пайдалануға берілді.