• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда терорризмге қарсы акция басталды (ВИДЕО) 01.08.2017

Жоба #noextremism,  #noterrorism хештегтерімен сүйемелденуде.

«Бұл бастама барлық қазақстандықтарды радикализмнің кез келген көрінісіне қарсы идеологиялық майданға біріктіруді және ел ішіндегі бейбітшілік пен келісім әрқайсысымызға тыныштықта өмір сүру үшін қажет екендігіне назарын аудартуды көздейді. Қатысушылардың пікірі бойынша, жоба біздің еліміздің бітімгершілік ұстанымын көрсетеді, нәсілдік, ұлттық, діни қажеттіліктерге қарамастан әрбірінің мүдделерін қорғайды және бұл жоба тек Қазақстанды ғана емес, күллі әлемді қамтуы тиіс», - дейді ұйымдастырушылар.

Жобаның тақырыбы алғаш рет Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің «Астана» командасының ойынында талқыланған болатын. Елордалық команданың жұлдыздары «Астана-Арена» алаңының үлкен LED экрандарында қазіргі әлемге қауіп төндіріп тұрған  терроризм мен экстремизм мәселесі жайлы роликте сөз қозғады.

«Noterrorism», «Noextremism» жобасын бокстан олимпиада чемпионы, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы Бахтияр Артаев, сонымен қатар Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы Данияр Есин қолдады. Олар «Астана» командасының ойыншыларымен кезекті ойынның жаттығуы кезінде кездесу өткізіп, жобаның әлеуметтік маңызы жайлы талқылады.


Back to the list