19.07.2017
Өткізу кешенінің бірінші кезеңі өткен жылы желтоқсанда пайдалануға берілген болатын. Пайдалануға берілген нысандардың негізі теміржол құрамына кіреді. Қазіргі таңда паром жүк вагондарын тәулік бойы тоқталыссыз өңдеуден өткізеді.
«ҚТЖ» АҚ хабарлағандай, 2017 жыл басынан бері алты айда коммерциялық негізде 118 су кемесі жүктері өңделсе, 510 мың тонна жүк паром арқылы өткізілді.
Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Құрық порты құрылысының екінші кезеңін автокөлік өткелі құрылысын аяқтау туралы тапсырма берген болатын.
Қазіргі таңда паром кешенінің автокөлік желісінің нысандары тұрғызылуда.
Автокөлік тұрағының теңіз айдынында табанын тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Батыс қоршауларының тоспалары тұрғызылуда. Сыртқы электрмен қамту желісінің 35 шақырымдық сымы тартылды. Сонымен қатар көлік шаруашылығы мен әлеуметтік мақсаттағы нысандар салынуда.
«Құрық портының паром кешені «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Ол Қазақстанның Транскаспий бағдарындағы экспорттық және транзиттік әлеуетін көтереді. Біздің портымыз арқылы жүкті жеткізу үдерісі әлдеқайда тез орындалады. Соған байланысты екінші кезектегі нысандардың құрылысын белгіленген кестеге сай аяқтауымыз керек»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.
Құрық портындағы паром кешені, Әзірбайжанның Алят жаңа портындағы терминалы, Босфор шығанағындағы «Мармарай» теміржол туннелі қазақстандық тауарлардың Каспий теңізі арқылы Еуропа нарығына шығуына мүмкіндік әпереді.
Өңірлердегі теміржол, порт инфрақұрылымын жаңғырту - аймақтардың ғана емес, ел экономикасының мультипликативтік серпінді дамуына ықпал етеді.