19.07.2017
Өңір әкімдігінде хабарлағандай, бұл өңірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауы мен Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын белсенді іске асыру аясында мүмкін болып отыр.
«Шығыс Қазақстан облысы үлкен аумақта орналасқан медициналық ұйымдардың желісімен сипатталады. Осыған байланысты, санитариялық автокөліктің болуы облыстың барлық тұрғындарына сапалы және уақтылы медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады», - деп хабарлады ШҚО әкімдігі.
Биылғы жылы жедел медициналық көмектің желілік бригадалары үшін қосымша 13 санитариялық автокөлік пен реанимобиль сатып алынбақ.
Облыстың медициналық ұйымдарының санитариялық автокөліктерін жаңарту бағдарламасы одан әрі жалғасады.
Еске сала кетейік, 2016 жылы ауылдағы емдеу ұйымдары үшін және жедел медициналық көмек станциялары үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 100 санитариялық автокөлік сатып алынған болатын.