16.06.2017
«Елбасының Жолдауы аясында мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру барысында Энергетика министрлігінде 1 наурыз күні енгізу штабы құрылды, ол Экономиканы үшінші жаңғыртудың жаңа экономикалық өсімінің моделін әзірлеу мен енгізу бастамасымен айналысады. Бастамалар энергетикалық саланың стратегиялық маңыздылығы мен мұнай-газ кешенінің жұмысына жаңа серпін береді», - деді А.Мағауов.
Бастамаларды сәтті жүзеге асыру үшін басқарудың жобалық әдісі енгізілді, ол дамыған елдерде қарқындай түскен.
«Жоспарлау кезіндегі 100 күнде ішкі және сыртқы сынақтар нақтыланып, енгізуге бастамалар дайындалды, жобалардың міндеттік индикаторлары, бастамалар тиімділігінің негізгі көрсеткіштері, мен қаржыландырудың көлемі мен көздері, енгізудің нақты жоспары дайындалды», - деді Ә.Мағауов.
500 күн ішінде мұнай-газ кешенінде 11 бастаманы енгізу қарастырылған.
«2025 жылға қарай мұнай өндіру көлемін 107,3 млн теңгеге арттыру, газды 77,3 млрд текше метрге жеткізу қарастырылған. Мұнай өңдеу көлемінің жыл сайынғы көлемі 17 млн тоннаны құрауы керек. Бастамаларды сәтті жүзеге асыру 2025 жылға дейін жанармай-энергетикалық кешенінің ЖҚҚ ортажылдық өсімін 2,4 базалық көрсеткішінде 4,1 пайызға арттыру көзделген», - деді Ә.Мағауов.
Жалпы, жүзеге асырылған бастамалардың әсері экономиканың мақсатты өсімін 5,5 – пайыз ЖІӨ-ға өсіреді. Ол 2050 жылға қарай дамыған алдыңғы қатардағы елдердің ондығына енгізуді қарастырады.
Қайрат Жандыбаев