• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ауылдық жерлерде микронесиелеуді ұлғайту қажет – Т.Құлыбаев 18.05.2017

Жиын барысында облыстың экономикасын арттыруға әсер ететін негізгі мәселелер, оның ішінде ауылдық жердегі кәсіпкерлік тақырыбы талқыланды.

«АЛМЭКС» холдинг тобы, «ERG» және «Қазақмыс» компаниялары микроқаржыландыру ұйымы үшін бір жарым миллиард теңгеден астам қаражат бөлді. Аталған облыстардың әкімдіктері де сондай сомада қаржы салды. Жауапкершілігі шектеулі серіктесте олардың 49% үлесі бар, ал 51% Ұлттық кәсіпкерлер палатасына тиесілі», – деп нақтылады Тимур Құлыбаев.

Бағдарлама аясында 27 млрд теңге микронесиелеуге бөлінген, оның ішінде 16 млрд теңге «ҚазАгро» АҚ арқылы іскер асырылады, ал 11 млрд теңге микроқаржыландыру ұйымдары арқылы несиеге беріледі.

Өз кезегінде Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы «Bastau бизнес» оқыту бағдарламасын жүзеге асырғанда «Атамекен» МҚҰ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде микронесиелеуге қатысты көптеген өтініш түсетінін айтты. Сондықтан «Bastau бизнес» жобасын сәтті аяқтау мақсатында «Атамекен» МҚҰ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қор жинауы қажет.

Облыс әкімдігі бұл бастаманы қолдады және «Атамекен» МҚҰ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қор жинау мәселесін таяу уақытта Ұлттық палатамен зерделеуге дайын екенін жеткізді.

Былтыр «Атамекеннің» бастамасымен еліміздің 6 өңірінде микронесиелеу бойынша жоба іске қосылған болатын. Атап айтқанда Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл және Қостанай облыстарындағы кәсіпкерлікке шағын несие беру жобасы жүзеге асырылды. 


Back to the list