• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Энергетика министрлігі квоталарды бөлудің жаңа принципін әзірледі 17.05.2017

Квоталарды бөлудің жаңа принципі өнімнің өлшеміне парниктік газ шығарындыларының меншікті коэффициентіне негізделген. Жасалған өнімінің өлшеміне парниктік газдың шығарындылары басқа кәсіпорындармен салыстырғанда жоғары кәсіпорынға аз көлемдегі квота бөлінеді. Экологиялық тұрғыдан белгіленген тәсіл ең тиімсіз кәсіпорындарды таңдаулы технологияларға, жаңғыруға, парниктік газдың шығарындыларын азайту бойынша жобаларды жүзеге асыруға ынталандыруға мүмкіндік береді.

Отырысты «Жасыл» технологиялар орталығы негізінде өткізу – «жасыл» технологиялардың жұмысымен және қазақстандық ғалымдардың жобаларымен ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы мен Қоғамдық кеңестің мүшелерін тәжірибелік таныстыру болып табылады. Бұл әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде оларды жетік түсінуге мүмкіндік береді.

Отырыс барысында қатысушылар Орталық негізінде іске асырылған 35 технологиямен танысты: күн коллекторлары, пирлизді пеш, энергиялық тиімді жарықтанддыру, су үнемдейтін технологиялар және т.б. Сондай-ақ күн биовегетарияның және фитожылыжайдың жұмысы, балықтарды өсіруге арналған тұйық сумен жабдықтау инновациялық қондырғыда балық өсіру тәжірибесі көрсетілді.

Сонымен қатар «жасыл» инноваторлардың қатысуымен технологиялар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қазақстандық ғалымдардың жел және күн энергетикасы, қалдықтарды кәдеге жарату, тиімді жылумен қамтамасыз ету, СО2 шығарындыларын азайту және т.б. бойынша қол жетімді «жасыл» инновациялар таныстырылды.


Back to the list