• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БЖК: Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясына қолдау көрсетілді 16.05.2017

«Атамекен» ҰКП зауытқа едәуір қолдау көрсетеді. Бұл нарықтың бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді, қазіргі уақытта бұл өте маңызды», - деп атап өтті компания басшысы Валерий Крылов.

Бұл кәсіпорын – полиэтиленнен диаметрі 1600 миллиметр болатын құбыр шығаруды бастаған отандық алғашқы компания. Бүгінде зауыттың өндірістік қуаты жылына 300 мың тонна полиэтиленді қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Өнім өндірісі жоғары технология мен стандарттардың талаптарына сәйкес келеді.

Жұмыс сапарында Тимур Құлыбаев тағы бір өндірістік орын – Орал трансформатор зауытының жұмысымен танысты. Ол үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 жыл бұрын ғана ашылған және оның ең басты бағыты қуаттылығы жоғары үлестіргіш майлы немесе құрғақ трансформаторларды, сондай-ақ, өндіріс көлемі жылына 10 мың данаға дейін құрайтын тартпа трансформаторларын шығару болып табылады.

Өткен жылы зауыт шетелдік инвесторлармен бірлесіп кәсіпорын ашып, электротехникалық жабдық шығару жөніндегі меморандумға қол қойған. Бұл жұмыс орындарының санын еке есе арттыруға, сондай-ақ өндіріс экспортының географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Зауыт өнімін Ресейден басқа, Иран, Ауғанстан және басқа да мемлекеттерге экспорттауды жоспарлап отыр.


Back to the list