• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның іскер әйелдері Токиода өткен Жаһандық әйелдер саммитіне қатысты 15.05.2017

Саммит кәсіпкер әйелдердің жетістіктері мен мүмкіндіктерін көрсетуге, олардың бизнестегі басқарушы лауазымдарға ілгерілеу жолдарын анықтауға, сондай-ақ олардың жаһандық нарыққа қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған.

Саммит жаһандық әйелдер оқиғаларының күнтізбесінде ерекше орын алады, бұл құрылымдық бизнес-диалог құруға, іскерлік байланыстар мен жаңа идеялар алуға, бизнес саласында оқу мен тәжірибе алмасуға арналған ең ірі алаңдардың бірі.

Осындай маңызды әрі ауқымды іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 1 мыңнан астам әйел жиналады.

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері Раушан Сәрсембаева мен Динар Нүкетаева бастаған 85 сәтті іскер әйелден тұратын қазақстандық делегация осы кездесуге қатысты.

Саммит аясында әйелдердің корпоративтік көшбасшылыққа қолжетімділігін жылдамдату және әлем бойынша әйелдер басқаратын кәсіпорындар санын көбейту үшін стратегиялар әзірлеу жөніндегі бастамалар талқыланады.

Еске сала кетейік, Елбасы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында елдегі бизнесті дамытуға көп көңіл бөледі


Back to the list