• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Маңғыстаулық дарынды балаларға ТМД елдерінде білім алу үшін облыс әкімінің 50 грантты тағайындалады 01.05.2017

Инвестициялық кездесудің мақсаты – Маңғыстау облысының инвестициялық әлеуетін дамыту, жаңа инвестициялық және алдыңғы қатарлы өндіріс орындары мен жобаларды ашу, аймақтың экономиканың өзгеде секторындағы жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді анықтау.

Инвестициялық кездесудің  жұмысына қазақстандық бизнестің 60-тан астам өкілі, банкирлер, әлеуетті инвесторлар, халықаралық және қазақстандық мұнай компанияларының басшылары, құрал-жабдықтар өндірушілері, сервистік компаниялар, бизнестің негізін қалаушылар мен иелері және инвестициялық қорлар қатысты.

Инвестициялық кездесу аясында қатысушылар  аймақтың өндірістік алаңдарын аралады және олардың назарына қазақстандық бизнес қауымдастықтың 11 өкілі нақты инвестициялық ұсынысы бар баяндамалары таныстырды.

Айта кетерлік жайт, кездесу «Каспий» технологиялық даму орталығын» құрған нақты жұмыс алаңына айналды. Ол аймақтың экономикалық  дамуына бағытталған жаңа идеялар мен бағыттардың орталығына айналу керек. Сонымен атар, «Үздік инвестициялық жоба», «Үздік отбасылық бизнес», «Үздік жасыл аймақ», «Технилогияны дамыту бойынша үздік меценат», «Үздік тамақтандыру» және т.б. байқаулар ұйымдастырылатын болады.

Байқаулардың жүлде қоры бірінші орын үшін 5 млн теңгеге дейін, екінші орын үшін 3 млн теңгеге дейін және үшінші орын үшін 1,5 млн теңгеге дейін жетеді.

Айта кетерлік жайт, аймақ басшысы Ералы Тоғжанов облыс әкімінің орныбасары Шолпан Ілмұханбетоваға маңғыстаулық дарынды балаларға қазақстандық және ТМД елдеріндегі үздік оқу орындарында аймақ үшін қажетті мамандықтар бойынша білім алуы үшін облыс әкімінің 50 гранттын тағайындауды тапсырды. Бүгінде аймақта теңіз, құрылыс, агроөндіріс, туризм және технология салаларында мамандар тапшы. 

Бұдан басқа, Инвестициялық кездесудің нәтижесінде ірі қазақстандық компаниялармен, қауымдастықтармен серіктестік туралы Меморандумдарға қол қойылды. 


Back to the list