28.04.2017
Спикердің хабарлауынша, бүгінде 1,5 трлн теңге сомасындағы МЖС 354 жобасы жүзеге асыру мен жоспарлаудың түрлі сатысында. Оның ішінде 335 жобасы аймақтық жоба болып табылады. Соңғы бір жарым жылда 43 жобасы бойынша 31,1 млрд теңге жалпы сомасында келісім-шарт жасалды.
МЖС-ның жергілікті жобасы бойынша байқау өткізу және сараптау, әзірлеу, жоспарлау бойынша әкімдікке толықтай тәуелсіздік берілген.
Оның айтуныша, байқауды өткізуде және МЖС шағын үлгілік жобалар үшін атап айтсақ, балабақша, емхана, дене шынықтыру-сауықтыру кешені және т.б, аймақтарда шарт жасауда жеңілдетілген рәсімдер енгізілген.
«Шағын үлгілік жобалар үшін жеңілдетілген рәсімдер сараптау тұжырымдамасынан 4-6 айға дейін келісім-шарт жасауда мерзімді қысқартуға көмек береді. Бұл стандартты рәсімдеуде 2,5 рет кемітеді», - деді ол.