• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбе облысында МЖС  аясында 28 денсаулық сақтау нысаны салынады 27.04.2017

Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларға сәйкес  Ақтөбе облысында МЖС аясында денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мен емдеу-диагностикалық процессті жетілдіру және басқарудың алдыңғы қатарлы әдістерін енгізу бойынша бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда және жоспарлануда.

«Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында 2017 жылы жалпы құны 18 млрд теңге болатын 28 денсаулық сақтау нысанының, оның ішінде Ақтөбе қаласында 7 ірі жоба мен облыс аудандарында 21 нысанның  құрылысы жоспарланды»,-деп хабарлады Қалиев.

Басқарма басшысы сонымен қатар, 2016 жылы мемлекеттік-жеке серіктестіктің үш жобасын, яғни 60 кереуетке арналған офтольмологиялық аурухана, үш аралық бекеті бар 150 мың шақырту қабылдайтын облыстық жедел жәрдем медициналық бекетін,  бір ауысымда 300 адамды қабылдайтын қалалық балалар стомотологиялық емханасын жүзеге асыру басталғандығын  еске салды.

 Әсет Қалиевтің айтуынша аталмыш нысандарды ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарда бар.

 


Back to the list