19.04.2017
Онда күн тәртібіне сәйкес, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың барысы, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірханның айтуынша, электронды бақылау жүйесі оқушылардың үлгерімін 15%-ға, сабаққа қатысуын 35% -ға арттыруға мүмкіндік берді.
«Оқушылардың сабаққа жүйелі түрде қатысуы – қылмыстық жағдайдың алдын алуда маңызды орын аладыБұл жүйе өз кезегінде, біздің ұзақ жылдар бойы атқарып келген қызметімізді едәуір жеңілдетіп, құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге айтарлықтай септігін тигізуде», – дейді Данияр Мейірхан.
Ендігі жерде, Шымкент қаласының мектептерінде қолданысқа енген аталмыш пилоттық жүйе ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ішкі істер министрлігі тарапынан зерделеніп, ел аумағындағы өзге де орта мектептерде жүзеге аспақ.