• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Биыл ОҚО-да  4 мектептің құрылысы басталады 12.04.2017

Білім саласына енгізіліп жатқан жаңалықтар мен өзгерістер, өзекті мәселелерді қарастырып, талқылау мақсатында ұйымдастырылған онлайн-селекторлық жиынға аудан, қала әкімдері мен аудандық, қалалық білім беру мекемелерінің қызметкерлері сынды 1800-ден астам адам қатысты. 

Облыс әкімі хабарлағандай, алдағы төрт жылда облыста мемлекеттік бағдарлама аясында 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді 100 пайыз мектепке дейінгі ұйымдармен қамту көзделсе, осы мәселені ретке келтіру үшін 2017-2019 жылдар аралығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 13 балабақша (2595 орындық) салу көзделіп отыр. Соның төртеуінің биыл құрылысын бастау жоспарда бар.

Мәжілісте мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және орта білім беру сапасына қатысты сөз бастаған облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков білім беру сапасын арттыру мақсатында шешімін табуды қажет ететін бірқатар мәселелерді атады. 

«Атап айтқанда, Шымкент қаласы (320) мен Бәйдібек (140), Отырар (240), Түлкібас (100) аудандарында конкурс жарияланып, кәсіпкерлер тарапынан нақтылы сұраныстар алынуда. Мұнан бөлек, облыстағы мектеп жасына дейінгі 3-7 жастағы мүмкіндігі шектеулі 8,5 мыңға жуық баланы инклюзивті біліммен қамтуды 25 пайызға дейін ұлғайту қажет», - деді Ұ.Сәдібеков. 

Сондай-ақ, Ж.Қансейітұлы облыстағы жоғары сапалы білім беретін 10 мектепті анықтап, сол мекемелерде селекторлық режимде тәжірибе алмасу семинарларын ұйымдастыруды тапсырды. 

«Селекторлық семинардың бірін Мақтаарал ауданындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясымен өткізіңіздер. Білім ошағы соңғы жылдары үздік тәжірибесімен республикаға танымал мекемеге айналып отыр. Мұнан бөлек, облыста бүгінгі таңда мектептер мен колледждерде дәріс беретін 76 мың ұстаз бар екен. Сондықтан, біз ұстаз мәртебесін көтеріп, оның әлеуметтік жағдайына дейін көңіл бөліп, қолдау көрсетуіміз қажет. Яғни, оларды шетелдерде демалдыру үрдісін жалғастырып, лбаспанамен қамту жайын қолға алуымыз қажет. Мұғалімдерге құрмет болса, бәрі де дұрыс болады», - деді аймақ басшысы өз сөзінде.

 


Back to the list