• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада білім беру ұйымдарында аудит өткізілмек (ФОТО) 11.04.2017

Білім сапасын арттыру үш негізгі қадамды іске асырады: біріншісі – білім беру ұйымдарының аудиті. Екіншісі – нақты салалар бойынша сәтті ұйымдарды анықтау және жүйені жетілдіру. Үшіншісі – анағұрлым сәтті ұйымдардың тәжірибесі негізінде қалғандарын жетілдіру үшін нақты құралдар әзірлеу.    

«Астаналық мектептер, балабақшалар, колледждер сапасы, жаңа жабдықтар мен технологиялар, материалдық-техникалық базасы жағынан бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін екені құпия емес. Әрбір ұйымда қандай да бір проблемалар бар. Осыған орай, нақты салалар бойынша даму жоспарын қалыптастыру ұсынылды, яғни ол кадрлық әлеует, оқу-тәрбиелеу процесі, материалдық—техникалық жарақтандыру және білім алушылардың қанағаттану деңгейі. Негізгі мақсат – білім сапасын теңестіру», - деп атап өтті Ә. Жанғозин.

Оның айтуынша, барлық мектептерде немесе балабақшаларда білім сапасының белгілі бір деңгейі болуы тиіс. Кадрлық әлеуетті дамыту үшін сәтті педагогтерді қолдау және ынталандыру қажет. 

«Мұғалім мамандығы бүгінгі күні басым емес екенін бәріміз білеміз. Жас мұғалімдер үшін қолдау шараларын дамыту қажет. Сондай-ақ, қала бойынша үздік мұғалімдерді анықтау жүйесін дұрыс ұйымдастырған жөн», - деп атап өтті Астана қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Ақбота Күзекбай

Фото Абзал Қалиев   


Back to the list