31.03.2017
Оның айтуынша, қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру 10,5 млн. шаршы метрді құрады және бұл 2015 жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға артты (8,9 млн.шаршы метр). 89 мыңнан астам тұрғын үй, оның ішінде – 36 мың жеке тұрғын үй салынды.
Іске қосылған тұрғын үйдің ең көп үлесі Астана қаласында – 22 % (2256 мың шаршы метр), Алматы қаласында - 18% (1862 мың шаршы метр), Маңғыстау облысында - 7% (786 мың шаршы метр) және Ақтөбе облысында - 6% (616 мың шаршы метр).
Сонымен қатар, 2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 10 млн. шаршы метрден астам тұрғын үйді (100 мың пәтерді), соның ішінде мемлекеттік инвестиция есебінен 1,6 млн. шаршы метр тұрғын үйді (28 мың пәтерді) іске қосу күтіліп отыр.
519,2 мың шаршы метр - жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) кредиттік тұрғын үйі;150 мың шаршы метр – сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;190 мың шаршы метр - «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның жалға берілетін тұрғын үйі ;23,1 мың шаршы метр – ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар мен жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үй;210,4 мың шаршы метр – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үйі (сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй - 27,4 мың шаршы метр, коммерциялық тұрғын үй -183 мың шаршы метр);
562,6 мың шаршы метр - «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның тұрғын үйі.
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы алаңы 2,3 млн. шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2016 жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 44,7% артық. Жылдық жоспар бойынша тұрғын үйді іске қосу проценті 22,3% құрайды (жоспар 10,2 млн. шаршы метр).