16.03.2017
«Мен АӨК-нің барлық саласы бойынша Жол картасын құруды ұсынамын. Мәселен, бізге бәсекелестікті дамытудың жол картасы қажет, бәлкім құс өсіру саласында. Жол картасында мына мәселелерді қарастыратын боламыз: Қазақстанның құс өсіру саласының таныстырылымын жасап, салада қандай негізгі кәсіпорын бар екенін таңдап, біздің көршілерімізбен бәсекелесуге қандай кедергілер бар екенін шешуіміз керек», - деді Ұлттық палата төрағасының орынбасары.
Оның айтуынша, салада қаржыландыру мен мемлекеттік қолдауға қатысты өзекті мәселелер көп. Өз кезегінде, құс өсіру кәсіпорындарының бәсекелестігін арттыру керек.
«Жол картасын министрлікке көрсету қажет. Содан барып бірге Премьер-Министрге бару керек. Жол карталарының мақұлдануына бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Біз Үкіметке сандар бойынша басты қорытындыларды көрсетуіміз керек», - деді ол.
Ұлттық палатаның мәліметінше, мемлекеттік шаралар аясында өнеркәсіптік құс өсіруді ынталандыру инвестицияның тартымды бағыты болып табылады.
«Құс өсіру саласы тауарлық кәсіпорынның өсімі жетерлік, соңғы 10 жылда 87 пайыз өсімді құрады. 2017 жылға жұмыртқа санын 3 млрд 697 данаға жеткізу көзделген. Өсім 78 пайызды құраса, ет – 192,7 мың тоннаға жеткізу қажет», - деді Н.Әлтаев.
Өнеркәсіптік құс өсіру тартымды бағытқа айналуы үшін Палата мен Құс өсірушілер одағы шетелдік және отандық тұқымдық репродукторлар арқылы нормативті басына 400-ден 600 теңгеге арттыру қарастырылды.
Айта кетейік, құс өсіру ел экономикасының негізгі саласы болып отыр, ол республикадағы азық-түліктің 40 пайыз көлемін құрап отыр.
Ақбота Күзекбай